28 Желт 2023
Без категории

Ата-аналарға кеңес беру пункті

Жеке бас гигиенасында қолды дұрыс жуу ең маңызды әдеттердің бірі. Қолыңызды микробтан жақсы тазарту үшін төмендегі ережені ұстаныңыз:

Қолды дұрыс жуу қадамдары

1. Қолды жылы сумен сулау.
2. Сабын жағып, алақанды жақсылап көбіктендіру.
3. Алақанды бір-біріне ысқалау – 5 секунд.
4. Қолдың сыртын жуу – әр қолдың сыртын ысқалау.
5. Саусақ арасын жуу – саусақ араларын айырып, ысқалау.
6. Тырнақ астын тазалау – саусақ ұшын алақанға ысқалау.
7. Бас бармақты бөлек жуу – әр бас бармақты айналдырып жуу.
8. Білезікке дейін жуу – қажет болса.
9. Жылы сумен шайып тастау.
10. Таза сүлгімен немесе бір реттік майлықпен құрғату.



Тұмау мен ЖРВИ-дің (жедел респираторлық вирустық инфекциялар) алдын алу үшін мына шараларды сақтау маңызды:
Негізгі алдын алу шаралары
Қолды жиі жуу
Сабынмен кемінде 20 секунд жуу.
Қол антисептигін қолдану.
Бетке қол тигізбеу
Әсіресе көз, мұрын, ауызға.
Маска тағу
Ауру адамдар көп жерде немесе эпидемия кезінде.
Арақашықтық сақтау
Ауру адаммен жақын байланыстан аулақ болу.
Бөлмені желдету
Үйді және жұмыс орнын жиі желдетіп тұру.
Таза ауада серуендеу
Иммунитетті күшейтуге көмектеседі.
Иммунитетті күшейту
Дұрыс тамақтану:
Көкөніс, жеміс-жидек, дәрумендерге бай тағамдар.
Көп су ішу.
Ұйқыны жеткілікті қандыру.
Дене белсенділігімен айналысу.


Тіс – адамның денсаулығы үшін өте маңызды. Егер тістер таза әрі сау болса, адам ауырмайды, тамақты жақсы шайнайды және көңілді жүреді. Сондықтан тісті күнде күту керек.
Тісті қалай дұрыс тазалау керек?
Тісті күніне 2 рет тазалау керек: таңертең және кешке.
Тіс щеткасына аздап тіс пастасын жағу керек.
Тісті жоғары-төмен және айналдыра қимылмен тазалайды.
Алдыңғы, артқы және шайнайтын тістердің бәрін тазалау қажет.
Тілді де ақырын тазалаған дұрыс.
Тісті кемінде 2 минут тазалау керек.
Тәттіні көп жемей, тамақтан кейін ауызды шаю пайдалы.
Қорытынды:
Тісті таза ұстасаң, тіс ауырмайды, денің сау болады. Сондықтан «Тісі саудың – жаны сау» деп айтады.  



Мақсаты:Балалардың жануарлар мен олардың пішіндері туралы білімін кеңейту, көлеңке арқылы заттың не екенін тану қабілетін дамыту

Мақсаты:Саусақпен тұзға сурет салу — бұл балалардың ұсақ моторикасын, қиялын және шығармашылық қабілетін дамытуға арналған өте қызықты және пайдалы әдіс


Балаға амандасуды үйрету. Салем сөзінің жағымды жылы сөз екенін ұғындыру. Күн туралы түсінік беру. Күн бүгін көңілді болып тұр. Ол бізге жарығын шашып, жылуын беріп тұр.


Ертегі тыңдау бала үшін өте маңызды. Ол баланың қиялын дамытып, ой-өрісін кеңейтеді, сөздік қорын молайтады. Сонымен қатар, ертегі арқылы бала жақсы мен жаманды ажыратып, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиеленеді. Ертегі тыңдау барысында баланың есте сақтау, зейін қою және тыңдай білу қабілеттері де арта түседі.


Бүгін консультациялық көмек беру пунктінде ата-анамен бірлескен дамыту жұмысы өткізілді. Іс-шара барысында баланың ұсақ моторикасын, түстерді ажырату қабілетін және ойлау дағдыларын дамытуға арналған ойын тапсырмалары ұйымдастырылды. Ата-аналарға баламен үй жағдайында жұмыс жүргізудің тиімді тәсілдері түсіндіріліп, түрлі дидактикалық ойындардың маңыздылығы айтылды. Бала тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, белсенділік танытты. Мақсаты – ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, баланың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағыт-бағдар беру.


Атауы Жүктеу
1  Ата-анаға кеңес беру пункті docx
2 Ата-анаға кеңес беру пункті docx
3 жұмыс кестесі docx
4 консульт.пункт бұйрық docx

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар